«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 16.08.25

Отбасы құндылықтары

П'ятниця, 17 травня 2019

Осындай атаумен Воронеж орта мектебінде Придорожный ауылдық кітапханасының кітапханашысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.К.Жанпеисовамен бірге Халықаралық Отбасы күніне арналған викторина ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларға ертегілер, мультфильмдер және балалар фильмдері әлеміне саяхат жасалды.

Оқушылар «Біздің сұрақ – Сіздің жауап», «Отбасылық портрет», «Отбасылық сөзжұмбақ және т.б. «Балалық шақ кітабы» байқауы өте қызықты өтті, онда балалар сүйікті балалық кітабы туралы айтып, заманауи кітаптарды оқу туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін айтты. Жалпы алғанда барлығы отбасының құндылығын түсінеді, отбасының салт-дәстүрлерін сақтайды. Оқушылар Отбасы-бұл адамның басты байлығы екендігін айтты. Іс-шара өте көңілді, қызықты болды! Уақыт тез өтті. Іс-шара соңында барлық қатысушылар бір-бірін мерекемен құттықтап, денсаулық, отбасылық табыс және еліміздің барлық отбасыларына береке бірлік тіледі.