Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер азаматтық ұстанымды жасына және ұлтына қарамастан әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін білдіреді. Біздің барлығымызда бір Отан, бір жер, бір ауа және бір мемлекеттік рәміздер бар.
4 маусымда «Федоров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ММ орталық аудандық кітапхана орталық қызметкерлерімен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Біз туды мақтан тұтамыз» атты патриоттық сағат өткізді.
Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Содан кейін кітапханашылар Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оның жалпыұлттық мереке ретінде бекітілу тарихы туралы айтты. Әңгіме бейнеороликтер мен қызықты бейневикторинамен сүйемелденді. Шара соңында «Еркіндік рәміздері» атты кітап көрмесімен танысу ұсынылды.