«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 13.08.25

Қазақстанның шабытты ұлы

Середа, 15 серпня 2018

15 тамызда қостанайлық ақын Ғафу Қайырбековтың туғанына 90 жыл толуына орай Орталық аудандық кітапхана кітапханашылары «Федоров аудандық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тұрғындарымен «Қазақстанның шабытты ұлы» поэзия сағатын өткізді.

Іс-шара барысында ақын, кинорежиссер, сценарист, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан киноматографтар Одағының мүшесі Ғафу Қайырбековтің өмірі және шығармашылығымен таныстырылды, бейнеролик көрсетілді, ақынның сөзіне жазылған әндер ойнатылды. Соңында «Халық ақыны» кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шара тыңдаушылардың қызығушылығын туғызды.