Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Еңбек күнін атап өтеді. Ерте жастан жұмысшы кәсіптеріне құрмет көрсету дәстүрін қайта жаңғырту және жұмыстың маңыздылығын тану мақсатында Первомай ауылдық кітапханасында ауыл адамдарымен «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тілінбей» атты ақпараттық диалог өтті. Қатысушылар өздерінің еңбек жолын қалай бастағандығы, неліктен осындай мамандықты таңдағаны, жұмыста қандай қиындықтарға тап болғандығы, жұмыс күндеріндегі қандай сәттер және т.б. туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараға «Адамды еңбегі асқақтатады» атты кітап-иллюстрациялық көрме дайындалды, онда белгілі адамдарға, біздің облыстың, ауданымыздың, ауылдың еңбекшілеріне арналған үлкен өмірлік тәжірибесі мен көпжылдық еңбек өтілі жас ұрпаққа үлгі болып табылады.