«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы және Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығы аясында 2019 жылдың 15 қазанында №2 ОМ 9 сынып оқушылары үшін Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары белгілі қазақстандық жазушы, ақын Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» атты әдеби сағат өткізді. Әбіш Кекілбаев қазіргі заманның талантты авторларының бірі. Оның шығармалары Қазақстаннан тыс жерде танымал, ол көптеген марапаттардың иегері. Кітапханашылар автордың өмірі мен қызметі туралы әңгімеледі, балалар оның өлеңдерін оқыды. Іс-шара «Ә. Кекілбаевтың шығармашылығы», «Ә.Кекілбаевқа арнау» атты тақырыптық бейнероликтер көрсетілімімен жалғасын тапты.