«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

Рухани келісім-бейбітшілікке бастар жол

21.10.2019

Рухани келісім-бейбітшілікке бастар жол

әңгіме-диалог

 

   18 қазанда аудандық балалар кітапханасында мектеп-интернаттың балаларымен рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бейбітшілікке бастар жол» атты әңгіме - диалог өтті. Кітапханашылар балаларға біздің республикамызда 40 түрлі діннің барын және оның өмір сүруге лайықты үлгісін көрсетіп жатқанын айтты. Тәуелсіздік жылдарында мешіттер, шіркеулер, басқа концессиялардың діни ғимараттары он есе өсті. Сонымен бірге, кез-келген сенім өкілдерінің құқықтарын бұзу жағдайлары болған жоқ. Диалог пен ойын сәттері кезінде біз балаларға біздің мемлекетімізде барлық ұлт өкілдері бір-бірімен тату өмір сүретініне және олардың өз салт-дәстүрлерін ұмытпайтындығына көздерін жеткіздік. Жиналғандар өздерінің ең тату екендіктерін дәлелдеу мақстанында қолдарын біріктіріп «Біз біргеміз! Бізге бейбітшілік керек!» деген сөздерімен ұрандады. Қорытындылай келе балалар «Толеранттылық ағашын» құрып,  оны тілектермен безендіріп Қазақстанға  гүлдену мен бейбітшілік тіледі!