«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сенбі, 28.06.25

«Отанға деген зор сүйіспеншілікпен»

25.10.2019

«Отанға деген зор сүйіспеншілікпен»

поэтикалық сағат

  24 қазанда Федоров аудандық балалар кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ә. Тәжібаевтың поэзиясына арналған «Отанға деген зор сүйіспеншілікпен» атты поэзия сағаты өтті.             Әбділда Тәжібаев ақын, драматург, ғалым, біздің жерлесіміз. Ол көптеген өлеңдерін туған өлкесіне, ақындары мен жыр-толғаушылары, домрашылары мен күйші-композиторларына арнап, туған өлкесінің сұлулығын жырлаған. Ә.Тәжібаев - қазақ поэзиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ақындардың бірі. Өз қатарында ол лайықты орын алады. Қазақтар: «Ағаштың шекарасы бар, ақынның даналығы мен таланты бар» дейді. Ә.Тәжібаев адамдарға өзінің даналығы мен жомарттығын берді.             Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ көркем әдебиетін насихаттау, халықты кітап оқумен таныстыру, қазақ әдебиетінің классигі Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, қазақ әдебиетін танымал ету, жас ұрпақты дұрыс адамгершілікке және патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.              Поэтикалық сағатқа Димитров атындағы №1ОМ 8 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара кітапханашының Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы, ақынның ұлттық әдебиетке қосқан өлшеусіз үлесі туралы баяндамасынан басталды. Ары қарай балалар Тәжібаевтың плэзиясы мен өлеңдерін оқып, Ә.Тәжібаев туралы слайд-шоуды тамашалады.