6 қарашада Костряков ауылдық кітапханасының кітапханашысы 6-8 сынып оқушыларымен «Менің денсаулығым өз қолымда» атты денсаулық сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау бойынша дұрыс шешімді таңдауға мүмкіндік беретін өзінің өмірлік ұстанымын дамыту болып табылады. Мейірбике қызметкері М.В.Недушенко күн тәртібін сақтаудың, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы мен тәтті сусындар, қуырылған картоптар және т.б. қандай зардаптарды туындататыны туралы айтып берді. Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді еске алып, «Қазынаны тап», «Пайдалы кеңестер» байқаулары өткізілді, зиянды әдеттердің салдары көрсетілген «На краю пропасти» атты презентацияны тамашалады. Балалар дене шынықтырумен белсенді айналысу, дұрыс тамақтану, шынығу, «өзін тыңдау» дағдысы табиғаттың баға жетпес сыйын – денсаулықты ұзақ сақтауға көмектеседі деген қорытындыға келді.