«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

"Сүйікті ертегілерді парақтай отыра"

27.07.2018

27 шілдеде аудандық балалар кітапханасында «Кітап жазы, бізбен бірге бол!» жазғы оқу бағдарламасы топтамасында оқырмандар және №1 ОМ жазғы сауықтыру алаңының балаларымен «Сүйікті ертегілерді парақтай отыра» брейн ринг ойыны өткізілді.

Ойын алты тақырыпты қамтыды: «Үйшікте кім өмір сүреді?», «Ертегінің басы», «Ертегідей түскі ас» және т.б. Ойынның шарты бойынша балалар кез келген ұсынылған тақырып пен қарапайымнан күрделі сұрақтарға дейін негізделген ұпай санын таңдап алды. Ойын балаларға ұнады, олар сұрақтарды қызығушылықпен тыңдап, жауап берді, егер қойылған сұраққа  басқа ойыншы жауап берсе, ол сол арқылы қосымша ұпай жинай алды. Ойынның қорытындысы бойынша 200 ұпай жинаған Киношевский Константин жеңімпаз атанды, 2 және 3 орындарды ағалы-қарындасты Алексей мен Виктория Серомягиндер еншіледі. 14 адам қатысты.