29 қараша күні Первомай ауылдық кітапханасында «Көшбасшы жолы ел тарихында» атты тарихи экскурс өтті. Іс-шара еліміздің маңызды жетістіктеріне және Тұңғыш Президенттің мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюындағы рөліне арналды. Тыңдаушылар Елбасының өмірбаяны мен еңбек қызметінің қызықты фактілері, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлі және Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктері туралы қызықты әңгімелерді қызығушылықпен тыңдады. Іс-шараға «Елді өзгерткен адам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.