«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 18.08.25

Менің ауылым жазба деректерде

П'ятниця, 24 січня 2020

Менің ауылым жазба деректерде

   15 Қаңтарда Пешков ауылдық кітапханасы бесінші сынып оқушылары арасында «Менің ауылым жазба деректерде» атты кітапханалық шолу өткізді. Кітапханашы балаларға Қостанай мемлекеттік мұрағатында сақталған 19 ғасырдың аяғындағы құжаттың көшірмесін көрсетті. Балаларға Пешков тарихын ашатын кітаптар ұсынылды: Ұлы Отан соғысының қатысушылары, социалистік Еңбек Ерлері және біздің замандастар туралы. Т.В. Раскевич кітапханашы жасаған «Пешков ауылының тарих беттері» ауылдың электрондық жылнамасы туралы әңгімеледі. Тарих мұғалімі С.В. Глущенко кітапханашыларды толықтырып, Қостанай облысы туралы кітаптарды мектеп кітапханасының қорынан ұсынды.