Жаңа жыл қарсаңында Новошумный ауылдық кітапханада ең кішкентай оқырмандармен «Жаңа жылдық серпантин» атты мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекеге Аяз Ата, Ақшақар және Мыстан кемпір келді. Балалар кейіпкерлер өткізген байқауларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Ән айтып, шыршаның айналасына хоровод жүргізіп, жұмбақтар шешті, Жаңа Жылға тілек білдірді, Аяз Атаға өлеңдер оқыды, аяз ата оларға алғыс айтып, кәмпиттер сыйлады. Кітапхана мерекелік безендірілді. Шырша мен жарқын гирляндтар, шырақтар, ертегі каминалары, осының барлығы сиқырлы атмосфераны құрды. Балалар көптеген жағымды эмоциялар алып, қысқы демалысқа арналған кітаптарды таңдады.