«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қауіп

20.02.2020

«Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қауіп»

   Қазақстан Республикасындағы жаһандық өзгерістер жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше өткір және саяси мәселенің бірі болды.              Н.Ә. Назарбаев  «Сыбайлас жемқорлық – әлемнің барлық елдеріне төніп тұрған әлеуметтік қауіп -деп атап өтті.  Сонымен қатар, қазіргі жағдайда ол жаһандық мәселеге айналуда. Сондықтан барлық озық мемлекеттер жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзінің моделін қайта қарайды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдататын заңдарды қабылдайды». Қазақстанда олардан айрықша мемлекет  емес. ҚР Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлық деп танылған қылмыстардың нақты тізбесі белгіленген. Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Федоров аудандық орталық кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қауіп» атты тақырыптық сөре – шақыру ресімделген, кітапханаға келушілерді сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, сыбайлас жемқорлық субъектілері кім болып табылатыны және сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған кезде қандай шаралар қабылдау қажет екендігі туралы хабардар етеді. Тақырыптық сөре жыл бойы жұмыс істейді, жаңа газет және журнал мақалаларымен, келіп түскен кітаптармен үнемі жаңартылып отырады.