«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

«Ол - біздің жерлесіміз, ол- біздің мақтанышымыз»

21.07.2018

Көптеген талантты адамдар біздің Федоров жеріне түрлі уақытта қоныстанған. Олар қарапайым жұмысшылыр, олар өздерінің еңбекқорлығының арқасында Еңбек Ерлері, ауданымыздың құрметті азаматтары атанды. Ең бастысы олардың барлығының басын, осы үлкен еңбексүйгіштіктері біріктірді.

Еңбекке деген белсенділік, адалдық, еңбекқорлық, жұмысқа деген ынта-жігермен және сүйіспеншілікпен жұмыс істеуге біздің көптеген отандастарымыз - қарапайым жұмысшылар еңбекке жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы, «Тарихқа айналған тағдырлар» жобасы аясында және Федоров ауданының орталық аудандық кітапханасының 90 жылдығына арналған 2019 жылы жарияланатын жоспарланған болашақ кітабының кейіпкерлеріне арналған іс-шаралар топтамасы жалғастырылуда. 21 маусымда Орталық аудандық кітапханада Социалистік Еңбек Ері - Сартай Кәкімұлы Тынынбаевқа арналған «Ол - біздің жерлесіміз, ол – біздің мақтанышымыз» атты арнау-кеші өткізілді. Кештің құрметті қонақтары: Федоров ауданының ардагерлер Кеңесінің төрағасы - А.Х Аслиев, Федоров ауданы Қоғамдық кеңестің төрайымы - З.А. Шашкова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңесшісі - А.Т. Талтыкеева, бұрынғы партия қызметкері - Налгиев Әлихан Саварбекұлы, Тынынбаев Ертай және Абильдинов Бабек – сол кездері Сартай Какимовпен бірге механизатор болып жұмыс істеген. Олар оның Чапаев атындағы колхозда ғана емес сонымен қатар бүкіл елге, танымал жер игеруші, құрметті адам болғанын айтып берді. Сартай Тынынбаевтың балалары, немерелері естеліктерімен бөлісті. Олар әкесінің отбасында қандай әке және қандай ата болғандығын айтып берді. Аудандық мұрағат қызметкерлері Социалистік Еңбек Ері туралы мұрағаттық құжаттарды ұсынды. Романенко В.И. өлкетану үйірмесінің меңгерушісі осы оқиғалар біздің өңіріміздің тарихында айрықша таңбаны қалдырған еңбектегі адамдарды білу және есте сақтау үшін барлық ұрпақтар үшін маңызды екенін атап өтті. Іс-шара «Оның есімі өлке тарихында» кітаптар көрмесімен  және «В селе моем - моя судьба»  презентациясы арқылы көрсетілді. Ауылшаруашылық колледжінің оқушылары, жастар ресурстық орталығы, Федоров ауданының ардагерлер Кеңесінің мүшелері, жергілікті тұрғындар үйірмесі мен ауыл тұрғындарының шақырылған қонақтары біздің танымал жерлестеріміз туралы біліп, көріп,  тыңдады. Біз өзіміздің жерлестерімізді аңызға айналған тұлға ретінде және жай ғана жақсы адам ретінде мақтан етеміз!