«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

«Туған өлкенің білімпаздары»

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және Федоров ауылының 120 жылдығын мерекелеу қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханасында «Туған өлкенің білімпаздары» атты жұлдызды сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты өлкетану білімдерін тереңдету және кеңейту болды, ол Димитров атындағы №1ОМ және  М.Маметова атындағы №4 ОМ 10 сынып оқушылары  арасында турнир түрінде өтті. Әр команда өзінің туған ауылы туралы материалды білу бойынша 7 кезеңнен өтті. Балалар тапсырмаларды өте жақсы орындады! Командалардың жұмысын тарихшы С.Н. Нуркина мен В.И. Романенко және өлкетанушы Г.Н.  Черныйдың   төрағалығымен әділ бағаланды.

Ойын басталмас бұрын командалар атауын, ұранын, капитандарды таңдап, біздің кіші Отанымыз туралы әңгімелейтін «Бұл жерде менің әкелерім мен аталарымның өлкесі» атты фильм көрсетілді. Жұлдызды сағат жанданған жағдайда өтті: балалар қарсыластарынан озуға тырыса отырып, жүргізушінің сұрақтарына белсенді жауап берді. «Разминка», «Старые знакомые», «Синквейн» және т.б. турлар ерекше қызығушылықпен өтті. «Димитровцы» командасы жеңіске жетті. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны «Бабалар сөзі-даналық көзі» атты кітап көрмесі мен музыкалық бейнероликтер толықтырды.