Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты іс-шаралар топтамасы аясында 28 ақпан күні Пешков ауылдық кітапханасының кітапханашысы 7-9 сынып оқушыларының арасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ю.В. Ефремовамен бірге «Отты Мәскеу шептерінде» атты әдеби кеш өткізді. Кеш барысында балалар Мәскеуді қорғауға бүкіл ел болып бас көтергендігі жайында білді. Балалар шайқастың кейбір, керемет эпизодтары туралы, сондай-ақ Мәскеуді қорғаған пешковтықтардың есімдерін естіді. Шара барысында 1941 жылдың 7 қарашасындағы Қызыл алаңдағы шеру кадрлары, «28 панфиловшылар» фильмінен үзінділер көрсетілді.