«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

Қыздарға арналған байқау

   Новошумный ауылдық кітапханасында 5 сынып қыздарымен Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өте көңілді өтті. Олар үшін «Хозяюшка» байқау бағдарламасы дайындалды. Кішкентай үй иелері өздерінің қолөнер және аспаздық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар визит карточкасын дайындап, өздерін таныстырып, «түймені тігу», «картопты тазалау» , «иіспен анықтау», «жарманы сезу», «картоппен араласқан көп тағамды жазу», «салфетканы сәндеу» байқауларына қатысып, үй шаруашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жақсы көңіл-күй сыйлап, мақтау қағаздарына ие болды. Кітапханада «Сіздер үшін, сүйкімді ханымдар» атты стенд және «Женских рук прекрасное творенье» қолөнер көрмесі безендірілді.