Кітапxанашылар қатысушыларды мерекелерімен және жаздың алғашқы күнімен құттықтап, балаларды қорғау күні әр елде қалай тойланатындығы жайлы видео көруді ұсынды. Соңыңда балаларды «Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын», «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» заңды құжаттармен таныстырды. Көңілді ойын бағдарламасында балалар көптеген жұмбақтардың жауабын тауып, бірнеше сұрақтарға жауап берді. А. Толстойдың "Буратино шытырман оқиғасы" атты кітабын ескере отырып «Кенгуру» атты шынықтыру ойынын кейін Алиса түлкі мен Базилио мысықтың рөлінде эстафеталық ойын ойнады. «Біз солға барамыз. Біз оңға барамыз» атты би флешмобында балалар өте көңілді биледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жылғы дәстүрлі жерге сурет салу сайысымыз кітапxана ішінде өтті. Балалар ашық аспанды, күнді, өзенді, жаз мезгілін,жазғы демалыстарын суреттеді. Көңілді ойын бағдарламасы соңында «Крошка Енот!» мультфильміндегі «Улыбка» атты танымал өлеңді бәрі қосылып шырқады.
Кітапxанашылар бәріне шуақты жаз айларында жақсы демалыс, қуанышты көңіл күй тілеп «Жазғы кітап менімен бол!» атты жазғы оқулар бағдарламасында белсенділік танытуға шақырды. 30 адам қатысты.