«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 29.06.25

«О» уақыты

  20 тамызда «О» уақыты библио – гидінің кезекті шығарылымы эфирге шықты. Бұл жолы жүргізушілер-Федоров аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері көрермендерге келіп түсетін журналдар туралы айтып берді, олардың атаулары 30-дан асады. Еркін диалогта Дархан Тоулеханұлы мен Елена Викторовна бұл мерзімді басылымдар көптеген оқырмандардың қызығушылықтары мен талғамына сай келетінін айтты: бастаушы бағбандар «Дача круглый год», «Приусадебное хозяйство» және «Делаем сами» журналдарынан бау – бақша жұмыстары туралы кеңестер таба алады; денсаулықты жақсартуға «Народный лекарь» көмектеседі; «Простор», «Роман – газета», «Таң – Шолпан», «Жұлдыз» журналдары жас авторлардың шығармаларымен таныстырады; «Лиза», «Кудесница», «Сваты», «Домашний очаг», «Добрые советы» журналдары отбасылық оқуға арналған және үй шаруашылығын жүргізу және отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатынасты сақтау туралы бірқатар практикалық кеңестерден, сондай-ақ атақты адамдардың өмірінен қызықты сюжеттерден тұрады. Журналдар қазақстандық және ресейлік редакциялардан екі тілде келіп түсетіндігін жүргізушілер айтып өтті.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2246494587478