Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Федоров аудандық орталық кітапханада «ҚР Конституциясы – елдің басты заңы» саяси үстелі өткізілді. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Резник Артем Сергеевич бұл мерекенің барлық қазақстандықтар үшін неге соншалықты маңызды екенін айтып, біздің Конституция – Қазақстан халқының саналы таңдауы екенін, оны бағалау және құрметтеу қажеттігін атап өтті. № 1 Димитров ОМ тарих пәнінің мұғалімі Лымарь Алексей Алексеевич соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Конституциясының пайда болуы мен өзгеруінің тарихын еске салып, біздің еліміз 25 жылдан бері Қазақстан Республикасы болып табылатын негізгі ережелердің бірыңғай, бірлесіп әзірленген жиынтығы негізінде дамып келе жатқанын атап өтті.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2262975777366