Отбасы күні-Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін мереке, мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, демографиялық проблемаларды, сондай-ақ отбасы институты арқылы әлеуметтік сипаттағы мәселелерді еңсеру бойынша ұлттық мемлекеттік міндетті іске асыруға арналған. Біз оны жақсы көреміз, өйткені отбасы мен туған үй – бұл біздің басты құндылықтарымыз. 2020 жылдың 9 қыркүйегінде Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары ҚР Отбасы күніне орай Отбасы әлемі «А» – дан «Я» - ға дейінгі кітап көрмесіне онлайн бейне-шолу жасады. Кітапханашылар көрермендерге этика, психология және отбасылық тәрбие туралы кітаптармен танысып, отбасының мемлекет ауқымындағы рөлі, отбасылық қарым-қатынас құру, бала тәрбиесі туралы мәліметтерді ұсынды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2288821144150