Қазақстанда мүгедектер күні жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. Осы күнге орай 2020 жылғы 6 қазанда Федоров аудандық орталық кітапханасы «Мейірім шуағы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик дайындап көрермендер назарына ұсынды. Денсаулық адам үшін өте маңызды. Денсаулық-тағдырдың сыйы. Бұл сыйлықты қорғауға және құрметтеуге үйрену керек. Қазір мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі, осы адамдарды қорғау жөніндегі шаралар «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 2008 жылдан бастап Қазақстан мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы халықаралық конвенцияға қосылды. Бейнероликте осы жайында әңгіме болды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2346548791894