Мамандық-бұл әр адамның ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам өз мамандығын таңдап, оған құрметпен қарауы керек. Өйткені, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап етеді және адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, 2020 жылғы 23 қазанда Федоров аудандық орталық кітапханасы «Шеберлер уақыты» онлайн мамандықтар фестивалін дайындап, әлеуметтік желілерде ұсынды. Біздің ауданда Федоров ауыл шаруашылық колледжі жұмыс істейді, онда оқушылар кондитер, аспаз, газ-электрмен дәнекерлеуші, тракторшы, реттеуші, электрик мамандықтары бойынша оқиды. Кітапханашы кітапхана қорында бар осы мамандықтар бойынша кітаптарды көпшілік оқырмандарға таныстырды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2379592436310