«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 26.06.25

Біздің барлығымыз өткен ғасырда өмір сүрген кісілердің алдында қарыздармыз. Миллиондаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын ешкім де ойдан шығарған жоқ. 

Бұл – ащы шындық. Қазақ жері  көптеген тұтқындарға арналған лагерьлердің ошағына – тоталитаризмнің ойлап тапқан сұмдығына айналды. 30 мамырда Орталық аудандық кітапханасы Федоров ауылшаруашылық колледжінде Саяси-қуғын сүргін күніне орай «Өткен күннің ызғары» еске алу сағатын өткізді. Іс-шараға «Ауыр күндер шежіресі» презентациясы және іс-шара тақырыбына орай бейнероликтер көрсетілді. Егемен әрі тәуелсіз елде өсіп келе жатқан жас ұрпақ өз елінің тарихын білуге, ұмытпауға, қиын сынақты, саяси қуғын-сүргін зұлматын бастарынан кешірген аға буынды сыйлауға  міндетті. 23 адам қатысты.