Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде қазақ халқының Ұлы ағартушы-педагог, қазақ жазуының негізін қалаушылардың бірі, Х1Х ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты бейне-ақпарат ұсынды. Іс-шара барысында кітапханашы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен таныстырып, оның шығармашылығы туралы әңгімеледі. Ы.Алтынсариннің шығармалары адалдыққа, жомарттыққа үйретеді, ойлануға, сыпайылық пен әділдікке шақырады. Олар өткенді зерттеуге шақырады, сондықтан біз қазіргі жағдайды түсініп, болашаққа көз жүгірте аламыз. Іс-шараны рәсімделген тақырыптық сөре толықтырды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2411665951318