Қазақ халқы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді қастерлейді. Ол өзінің қонақжайлылығымен бұрыннан танымал болған. Аудандық балалар кітапханасы 9 қарашада Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Вконтакте», «Instagram» және «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде «Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрлері» танымдық сағатын орналастырды. Бейнероликте қазақ халқының тағамдары: бесбармақ, жылқы еті, қой еті, қуырдақ, қымыз, айран, қатық, сүзбе, қаймақ, құрт, шұбат және бауырсақ тағамдары туралы айтылады. Осы жылдар ішіндегі қазақ халқының қонақжайлылығын, барлық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бір роликте айтып жеткізу мүмкін емес.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2422887156310