Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Ұлттық валюта – мемлекет келбеті» кітап көрмесіне онлайн шолу жүргізді. Теңге-егемен Қазақстанның алғашқы ақша белгісі. Бүгінгі таңда теңге республикамызда ұлттық валюта ретінде берік орныққан. Кітап көрмесінде Қазақстан валютасын неге теңге деп атау туралы шешім қабылданғанын, алғашқы купюралар қай жерде басылып шыққанын, олардың айрықша ерекшелігі неде және басқа да көптеген дүниелер туралы баяндайтын әдебиеттер ұсынылған. Қорытындылай келе, кітапханашы өз ақша бірлігінің енгізілуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Үкіметіне дербес экономикалық және ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2430930913878