«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Уақытты байланыстырушы көпір

   «Рухани жаңғырудың» маңызды бағыттарының бірі 5 жылға есептелген «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы болды. Жобаның мақсаты тарихи ескерткіштер мен қасиетті жерлерді насихаттау емес, осы қасиетті жерлерді өзімен бірге алып жүретін рухани құндылықтарды нығайту болып табылады. 100 жалпыұлттық киелі нысандар тізіміне Қостанай облысының 10 - ы енді. Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері «Уақытты байланыстырушы көпір» танымдық бейне – круизінде дәл осы киелі нысандар туралы айтып берді. Бейне-круиз бес күн бойы өткізілді және ғаламтор- пайдаланушыларды археологиялық ескерткіштер, ғибадат орындары болып табылатын діни және ғибадат ету объектілері, тарихи тұлғалармен байланысты киелі орындар туралы хабардар етті.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2444670208598