«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Ұлы дала. Жаңа ел – уақыт кезеңі

10.12.2020

Ұлы дала. Жаңа ел – уақыт кезеңі 

   Федоров аудандық орталық кітапханасына «Ұлы дала. Жаңа ел-уақыт кезеңі», кітабы келіп түсті. Жазушы С. Харченконың «Ұлы дала. Жаңа ел-уақыт кезеңі», кітабының тұсаукесері  желтоқсан айының басында Федоров аудандық орталық кітапханасында онлайн режимде өтті. Кітапханашы кітаптың авторы, оның негізгі бөлімдері жайында айтып өтті: «Тарихи тұлға, бірақ...», «Жойғыш саясаткер?», «Қазақстан және қазақтар туралы», «Қазақстанның жаңа есімдері», «Назарбаев дәуірі», «Өткенмен қоштасу», «Ерекше ұжым» және т.б. «Коммуникабельділік галереясы» бөлімінде Сергей Васильевичтің жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер орналастырылған. Кітап автордың өмірбаяны, қызықты естелік кездесулері, жұмысы мен шығармашылығы туралы баяндалған, басқа елдердің кейбір басшыларының қызметіне батыл баға берілген, Қазақстан мен қазақ халқына қарым-қатынасы айтылған.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2493846653526