«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

Тәуелсіздік-еркін халықтың арманын іске асыру

10.12.2020

Тәуелсіздік-еркін халықтың арманын іске асыру

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – еркін халықтың арманын іске асыру» тақырыбындағы кітап көрмесіне бейне – шолу жүргізілді. Көрменің бірінші бөлімі «Қазақстан: табыстың 29 жылы» деп аталады және ұлттық мемлекеттіліктің даму және қалыптасу тарихы туралы әдебиеттерден тұрады, қоғамның жаңа конституциялық қайта құру кезеңдерін ашып көрсетеді. Келесі бөлім «Тұңғыш президент. Қызмет хроникасы» Қазақстан көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз, егемен және демократиялық мемлекет ретінде дамуына қосқан үлесі туралы баяндайды.      Көрменің «Тәуелсіздік: бейбітшілік және жасампаздық жылдары» тақырыбындағы үшінші бөлімінде Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде Еуразиялық және посткеңестік кеңістіктегі танымал көшбасшылардың біріне айналғаны туралы материалдар ұсынылған. Мұнда Қазақстанның халықаралық беделі, әлемдік қоғамдастықтың жаһандануының өзекті мәселелері туралы кітаптар орналасқан.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2507971824214