Тәуелсіздік күні біз үшін ең маңызды мереке болып табылады. Федоров аудандық орталық кітапханасында патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының тарихи өткенін, бүгінін және жарқын болашағын мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан-өткені бай, болашағы жарқын мемлекет» атты патриоттық кеш өткізілді. Кітапханашылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан - Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова туралы әңгімеледі. Іс-шара Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы негізгі тарихи кезеңдер туралы баяндайтын тақырыптық бейнероликтің көрсетілімімен сүйемелденді. Іс - шара барысында тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі біздің мемлекетіміздің өмірінің негізгі кезеңдері айтылды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2535445498454