«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»

 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған көрме-панорама

  Келе жатқан жыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылы болып жарияланды. Федоров аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері дайындаған «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбындағы кітап көрмесі осы күнге арналған. Онда бейбітшілік пен келісім саясатын, халқымыздың адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Кітаптарда біздің мемлекеттілігіміздің дамуының барлық кезеңдері, елімізде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық – саяси салаларда болып жатқан аса маңызды оқиғалар көрініс тапқан. Бірқатар кітаптар Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғалар туралы баяндайды, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы көтерілістің рөлі мен маңызын ашады.