2021 жылдың 12 қаңтарында әйгілі американдық жазушы Джек Лондонның 145 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы күнге «Өмірге деген махаббат» тақырыбындағы әдеби сағаты арналған. Кітапханашы көрермендерді автордың өмірбаянымен қысқаша таныстырып, оның кейбір шығармаларының анонсын жасады. Кітапханада Джек Лондонның ең танымал шығармалары ұсынылған «Ақ қар романтигі» тақырыбында тақырыптық сөре дайындалған. Қызықты әңгіме фотосуреттер мен бейнероликтерді көрсетумен қатар жүрді.
Сәлтеме: https://ok.ru/video/2624242059862