Байқаудың мақсаты:
Байқауды өткізудің басты мақсаты –ақын шығармашылығын жас ұрпақ арасында кеңінен дәріптеу, шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Байқаудың өтетін орны мен уақыты
Өткізілетін күні: 2021 жылдың 2 ақпан мен 8 ақпанаралығында.
Байқаудың өткізу және қатысу тәртібі, талаптары
Байқауға 15 жастан 30 жас аралығындағы Федоров ауданының тұрғындары қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін 2021 жылдың 5 ақпанынадейін қатысуға өтінім және бейнероликтер қабылданады;
Қатысушылардың байқау барысында өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігі мен бейнероликтің сапалығы бағаланады.
«Сәби болғым келеді»ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу; (ақын шығармашылығы, өз шығармашылығынан);
Мәнерлеп оқу сайысы қашықтан онлайн режимінде өткізіледі. Қатысушы өлеңнің тақырыбын, авторын міндетті түрде таныстырып өтуі тиіс. Өтінімді және бейне роликті Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її. электронды мекен жайына жіберулеріңіз сұралады.
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз бен үздіктер ұпай санына байланысты анықталады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Сонымен қатар әділқазылардың шешімімен
І орын - біреу;
ІІ орын - біреу;
ІІІ орын - біреу;
Әділ қазылар алқасының шешімі нақты, әрі талқылауға және өзгеріс енгізуге жатпайды.