«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 30.06.25

«Қолөнер өткен мен бүгіннің бастауы»

16.02.2021

«Қолөнер өткен мен бүгіннің бастауы»

Өлкетану қобдишасы

  Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Қолмен жасалған бұйымдар ең құнды сыйлық болып саналады. Өйткені, адам оларды жасай отырып, өз жанының бір бөлігін салады. Қолмен жасалған ерекше киім ешқашан стильден шықпайды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік желілерде аудандық балалар кітапханасы «Қолөнер өткен мен бүгіннің бастауы» атты өлкетану қобдишасын белгіледі. Бейнеде мынадай қолөнер түрлері ұсынылған: ағаш ою, зергерлік бұйымдар, кесте. Түркі қолөнерінің жандануы кезекті сатыдан өтуде. Ұлттық дәстүрлер мен мотивтерді дәріптей отырып, көптеген дизайнерлер, стилистер ежелгі қазақ шеберлеріне тән өсімдік, мүйіз тәрізді ою - өрнектердің өзіндік ерекшелігін бере отырып, кесте тігу (мысалы, жібек жіппен), біз кесте (күдері, барқыт бойынша), аппликация және инкрустация технологияларын қолданады.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2716290648662