«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

«Бірге оқимыз! Дауыстап оқы!»

акция 

   Жыл сайын наурыздың бірінші сәрсенбісінде кітап мерекелерінің бірі - Дүниежүзілік дауыстап оқу күні атап өтіледі. Әлемнің ондаған еліндегі мыңдаған адамдары «Оқу-бұл алға жылжу!» ұранымен өтетін бұл мерекені біледі және қолдайды. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бастамасымен биыл «Бірге оқимыз! Дауыстап оқы!» атты акциясы жарияланды. 2021 жылғы іс – шараның басты бағыты мен мерейтойлары 2021 жылы атап өтілетін жазушылардың шығармаларын көпшілікке тарату. Біздің кітапхана «Бірге оқимыз! Дауыстап оқы!» және «Чарушинге қонаққа» атты дауыстап оқулар өткізді. Акцияға 9 адам қатысты.