Масленица - бұл қыс уақытымен көңілді қоштасу және табиғаттың оянуы мен күн жылуын шашатын, көктемді қарсы алу кезеңі. Новошумный ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен осы мерекеге орай «Бәрі Масленица туралы» викторинасы өткізілді. Мақсаты: орыс халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Балалар ежелгі мерекені тойлаудың салт-дәстүрлерімен танысып, масленицаның әр күнінің нені білдіретінін, жұмбақтар мен мәтелдерді шешті. Викторина жоғары деңгейде өтті. Іс-шараға «Масленицамен» тақырыбында стенд безендірілді, онда әдемі суреттер, орамалдар, самаурын, сондай-ақ құймақ рецептері ұсынылған.