Наурыз мерекесін тойлау аясында Первомай ауылдық кітапханасында «Наурыз-думан» тақырыбында ұлттық ойындар марафоны өткізілді. Балалар әр түрлі ұлттық ойындармен танысып, олардың ерекшеліктері туралы білді, кітапханашы қатысушыларға кейбір ойындарды өткізу ережелері жайында айтып берді. Балалар өздері білетін ойындар туралы айтып, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға «Наурыз мерекем - наурыз берекем» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.