«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

«Өркендей бер, Тәуелсіз Қазақстан»

31.03.2021

Интелектуалды ойын

  Қазақстанда 2021 жыл - Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2020 жылғы қазандағы төртінші отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялау туралы шешім қабылдады. Балалар кітабы апталығы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында орта жастағы оқырмандармен «Өркендей бер, Тәуелсіз Қазақстан» интелектуалды ойыны өткізілді.  Ойын 4 турдан тұрды. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар фишка алды. 1-ші турдың жаттығуынан кейін  қатысушылар 3 нұсқаның ішінен дұрыс жауапты таңдап, атау керек болды. «Бәйгенің» 2-ші турында балалар өз білімдері мен шапшаңдықтарын   көрсетті. «Полиглоттың» 3-турында балалар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, жауабын қазақ және ағылшын тілдеріне аудару керек болды. Қазақ тілінің білгірі ретінде Сүлейменова Құндыз, ал ағылшын тілінде Сұлтан-Мәжит Самира танылды. Соңғы турдан кейін «Эрудит» қорытындыланды. Барлық балалар, жеңімпаздармен  қоса, грамоталармен марапатталды. Ойын өте қызықты, әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті!