«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 01.07.25

 

   30 наурызда Пешков ауылдық кітапханасында «Достар арасында» клубының отырысында «Даланың сазды әуендері» тақырыбында поэзия сағаты өтті. Кітапханашы қатысушыларды қостанай ақыны, қазақ поэзиясының орыс тіліне аудармашысы Әбдірахман Досовтың шығармашылық қызметімен таныстырды. Ол А. Н. Толстой атындағы халықаралық балалар мен жасөспірімдер әдебиеті байқауының құрметті дипломанты; «Алтын көпір» халықаралық аудармашылар байқауының жеңімпазы. Оның аудармалары Мәскеу, Алматы, Қостанай қалаларында шыққан. Клуб қатысушылары оның «Метроном», «Даланың сазды әуендері», «Ай сағаты», «Жүрек соғысы» поэзия жинақтарынан өлеңдер оқыды.