31 наурызда Костряков ауылдық кітапханасының оқырмандары Тәуелсіздіктің 30-жылдығына және Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай мұражай мен кесенеге барды. Көрнекті ағартушының өмірі туралы толығырақ білдік. Біз қазақ халқының тарихының қиын жылдарында алғашқы мектептерді ашып, оқулықтар дайындауда үлкен еңбек еткен жерлесіміз бен ұлы ағартушының рухына тағзым еттік.