«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

«Парасат жолы» орталығының ашылуы

Понеділок, 19 квітня 2021

 

   Федоров аудандық орталық кітапханасының базасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты қоғамда мәдениет пен руханият негізінде парасаттылық, мейірімділік, әділеттілік идеологиясын ілгерілету, сондай - ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Валеев Рамиль Гадельзянович, аудандық мәслихат хатшысы Исенгазин Берік Есккендірұлы, қоғамдық кеңес төрағасы Шашкова Зоя Андреевна, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Волоткевич Татьяна Марковна, ауылдың құрметті ақсақалдары Баймурзин Дегенбай және Налгиев Алихан Саварбекович, сондай-ақ ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім беру, МОО бөлімдерінің басшыларынан құрылған жұмыс тобының мүшелері, дін өкілдері, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ өкілдері, әр түрлі қызмет салаларының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, БАҚ өкілдері құрметті қонақтар қатысты. Іс-шара барысында барлық қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның жаһандық проблемасы» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу ұсынылды.