«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

19 сәуірде Федоров аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» сұхбат алаңы өтті. Модератор Валеев Рамиль Гадельзянович өзекті мәселелер жайында сұрақтар қоя отырып: қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кеңес заманында жүргізіліп жатқан қызметтен қаншалықты ерекшеленеді?,  жаңа сайлау алды бағдарламаға байланысты «Нұр Отан» партиясының бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс көзделген бе?, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруға қандай қаражат бөлінеді және т. б. сауалдарына жауап алды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.С. Резник,  ішкі саясат бөлімінің өкілі Б.А. Бакитжанов,  Федоров ауылының ақсақалы А. С. Налгиев және «Парасат жолы» орталығының жетекшісі О. Ю. Сложеникина  қойылған сұрақтарға толық жауап берді.