Ұлы Отан соғысы туралы көптеген материалдар жиналған – бұл кино және фото құжаттар, сол қорқынышты оқиғалардың куәсі болған майдангерлердің естеліктері, жазушылар мен ақындардың көркем шығармалары. Федоров аудандық орталық кітапхананың кітапханшылары «Ерліктің өшпес даңқы» тақырыбында патриоттық оқулар дайындады. Олардың назарына К.Симонов пен А. Твардовский, М. Шолохов, А. Абдрахманов және т. б. шығармаларынан үзінділер, кітапхана қызметкерлерінің оқулары ұсынылған. Іс-шараны тақырыптық бейнеролик толықтырды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/2920166394454