«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

Мұхаметжан Етекбаев - қазақ Маршагы

Четвер, 13 травня 2021

поэзия сағаты

   

   2021 жылдың 12 мамыр күні аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері бала тілінің бал қаймағын шайқаған, белгілі балалар жазушысы Мұхаметжан Етекбаевтың мерейтойы қарсаңында «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 5-сынып оқушыларымен «Мұхаметжан Етекбаев - қазақ Маршагы» тақырыбында поэтикалық сағат өткізді. Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармалары туралы айтылып, сонымен қатар жазушының «Нан қайдан келді?» ертегісі оқылып, балаларға бұл ертегінің астарында қандай ой жатқанын, нанның оңай жолмен келмейтіндігін түсіндірді. Балалар бұл тақырыпта өз ойларын еркін және толық жеткізді. 11 оқушы қатысты.