«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

Сыбайлас жемқорлық желісінде

П'ятниця, 14 травня 2021

   Федоров орталық аудандық кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» жұмыс тобының отырысы өтті. Федоров ауданы әкімдігінің заң бөлімі басшысы Батыржан Амантайұлы Өміртаев қатысушыларды құқықтық ақпаратпен таныстырды. Оның баяндамасының негізгі тақырыбы сыбайлас жемқорлық – бұл тез арада шешуді талап ететін біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі екендігі туралы өзекті ақпарат болды. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа және оны туындататын себептерге қарсы толыққанды әрі тиімді күрес жүргізу үшін барлық қажетті құқықтық, экономикалық және саяси алғышарттар жасалуда. Батыржан Амантайұлы қатысушыларға: «...Адам ең алдымен, қандай да бір істе жауапкершілікті өзінен бастау керек және айналаңыздағылардан сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюды талап ету керек» деген сөздерімен қорытындылады.

Сілтеме: https://ok.ru/video/2939695532630