18 мамырда Халықаралық мұражай күніне орай мектеп мұражайына саяхат ұйымдастырылды.2 сынып оқушылары мектептің ашылуынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихымен, әр кезеңдегі мектеп басшыларының шежірелерін тарихи кезеңдерде таныстырды . Мұражай балаларды - мәдени құндылықтар мен дәстүрлермен таныстыра отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудың құралы болып табылатын орын. Мұнда оларды патриоттық тәрбиеге баулумен қатар , баланың жан дүниесінде өз ауылының тарихы мен мәдениетіне, адамдардың еңбегімен жасалған барлық нәрселерге деген сүйіспеншіліктің дәндерін өсіру болып табылады. Балалар мұражай заты, экспонат деген не туралы түсінік ала отырып, мұражайда өзін-өзі ұстау ережелерін білді. Бұл балалар үшін маңызды оқиға болып, олар жаңа ақпаратты қызығушылықпен қабылдады және жаңа әсерлерге қанықты.