«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

Жыл кітапханашысы 2021

Вівторок, 18 травня 2021

 

Кітапхана ісіндегі ең маңызды конкурстардың бірі «Жыл кітапханашысы» байқауы. 14 мамыр күні Федоров орталық аудандық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және мәдениет қызметкерлері күніне арналған «Жыл кітапханашы 2021» кәсіби конкурсының екінші кезеңі өтті. Байқау шығармашыл, бастамашыл, талантты кітапхана қызметкерлерін анықтауға, оларды қолдау мен көтермелеуге, сондай-ақ қоғам мен билік органдарының назарын кітапхана мамандығына аударуға және оның беделін арттыруға бағытталған.  Үздіктердің үздіктері кәсіби сайыста бақ сынасты. Бас жүлде және «Жыл кітапханашысы 2021»  атағын қазылар алқасы  орталық аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ю.А. Шашковаға берді. Барлық қатысушылар керемет көңіл күйде болып ерекше сезімге бөленді, ал конкурс мамандықтың жаңа қырларын ашуға көмектесіп, жаңа шығармашылық жетістіктер мен табыстарға түрткі болды.