1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ «Ақ желкен-2021» атты мектеп жанындағы жазғы лагерь ашылды. Балалар кітапханасы жазғы лагерь ашылуымен және оқушыларын мерекелерімен құттықтап,спорттық ойындар ұйымдастырды. Кітапханашылар іс-шара соңында оқушыларға кітаптарды сыйға тарту етті. Іс-шара өте қызықты өтті.