«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 20.08.25

Құқықсыз балалар – болашақсыз ел

П'ятниця, 04 червня 2021

    Балалар еңбегінің таралуы - қазіргі әлемнің басты проблемаларының бірі. Әлемде миллиондаған балалар өздерінің білімі мен дамуына кедергі келтіретін еңбекпен айналысады. Бұл жағдай баланың құқықтарының төзгісіз бұзылуын білдіреді. Федоров орталық аудандық кітапханада «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» тақырыбында тақырыптық сөре ресімделді. Онда нормативтік құжаттар ұсынылған: БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» конвенциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі». Еңбекке баулу жайында кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған материалдар зорлық-зомбылықтың түрлері және балаларға жасалған зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік туралы ақпарат беріп, профилактикалық кеңестер - ата-аналарға арналған кеңестер, жедел байланыс орталығының телефон нөмірі жазылған.  Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.